Ұлттық қауіпсіздік академиясы

Image

Ұлттық қауіпсіздік академиясы

«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары үшін «Ұлттық қауіпсіздік академиясы» ЖШС-мен бірлесіп еңбек қауіпсіздігі, өндірістік және өрт қауіпсіздігі бағыттары бойынша оқу-семинарлар өткізілді

Аталған семинарлар өндірістік жарақаттардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Оқу барысында мамандарға қауіпсіздік техникасының негізгі талаптары, өндірістік тәуекелдердің алдын алу шаралары және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету ережелері түсіндірілді.

Мұндай оқулар жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәдениетін арттырып, қызметкерлердің өз және әріптестерінің өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілігін нығайтады.

Бөлісу: