27.06.2025
Тозығы жеткен су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде
“Aqtobe su-energy group” АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында Желтоқсан батырлары көшесінде, Едіге батыр даңғылынан бастап Ө.Тұрмағамбетов көшесіне дейінгі аралықта жалпы ұзындығы 1965 метр ескі су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер мекеме — «Влад» ЖШС. Су беру шектеусіз жалғасуда.
Бұл жұмыс инженерлік желілердің тозуын азайтып, сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған. Құбырлар толығымен ауыстырылған соң, абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жүргізіледі.