№2 желілік ауданының жылу желілері қайта жаңартылуда

Image

№2 желілік ауданының жылу желілері қайта жаңартылуда

Инвестициялық бағдарлама аясында №2 желілік ауданына тиесілі 8 нысанда жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта осы нысандардың бірі – Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл учаскедегі жұмыстарды «Влад» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Ұзындығы 160 метрді құрайтын жылу желісі жаңартылатын болады.

Жұмыстар толық аяқталған соң, аумақ қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлісу: