Инженерлік желілерді қайта құру

Image

Инженерлік желілерді қайта құру

«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары өз күштерімен инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта Ломоносов көшесіндегі ТК-1 жылу камерасынан Жүргенов көшесіндегі ТК-5 жылу камерасына дейінгі аралықта ұзындығы 740 метрді құрайтын жылу желісі қайта жаңартылуда.

Жобаның шеңберінде құбырлардың диаметрі 530 мм-ден 630 мм-ге дейін ұлғайтылып жатыр. Бұл жылу энергиясын жеткізуді тұрақтандырып, жүйенің жалпы тиімділігін арттырады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін абаттандыру қалпына келтіріледі. Барлық қазылған аумақтар толықтай ретке келтіріліп, тұрғындар үшін жайлы орта сақталады.

Бөлісу: