Құрметті су саласының майталмандары!

Image

Құрметті су саласының майталмандары!

Су – тіршіліктің тамыры, өмірдің тынысы. Ал сіздер – осы өмір нәрін жер астынан жарыққа шығарып, әр үйге, әр жүрекке жеткізетін жандарсыз. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ ел тағдырын арқалаған ерекше миссия.

Су жүйесінің әр тамшысы – сіздердің адал еңбектеріңіздің жемісі. Таңның атысынан күннің батысына дейін, қыстың аязында да, жаздың аптабында да, сіздер үнемі халыққа қызмет ету жолындасыздар.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Өмірлеріңіз берекеге, шаңырақтарыңыз шаттыққа, еңбектеріңіз ел алғысына толы болсын!

Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры
Қуандық ҚАСЫМОВ

Бөлісу: