Замена более 8000 метров канализационных сетей
«Aqtobe su-energy group» АҚ 2025 жылы 8 000 метрден астам кәріз желілерін жаңартуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 6 400 метрі инвестициялық бағдарлама аясында ауыстырылса, қалған бөлігі кәсіпорынның өз күшімен атқарылады. Бұл жұмыстардың елеулі бөлігі заманауи жер қазусыз (бестраншейный) технологияны, соның ішінде санация әдісін қолдану арқылы жүзеге асады. Аталған әдіс жер қазбай-ақ, құбырларды ішкі жағынан қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Жер қазусыз әдіс – қазбай құбырларды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін заманауи шешім. Арнайы техника мен құрылғылар арқылы құбырдың ішіне еніп, зақымданған жерлерді жаңартып, нығайтады. Бұл тәсіл шығынды азайтып, қоршаған ортаға әсерді төмендетіп қана қоймай, орындалатын жұмыстың сапасы мен желінің ұзақмерзімділігін арттырады.
Атқарылатын барлық жұмыстар қаланың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға және кәріз жүйесінің тозуын азайтуға бағытталған. Жұмыс барысы кезінде қызмет көрсетуде шектеу қойылмайды, ал аяқталған соң барлық аумақтар толықтай қалпына келтіріледі.