Дебиторлық қарыз

Image

Дебиторлық қарыз

«Aqtobe su-energy group» АҚ дебиторлық берешегі бар абоненттерге пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді дер кезінде төлеу қажеттігін ескертеді.

Төлем тәртібін арттыру мақсатында ұйым мамандары жеке сот орындаушыларымен және патрульдік полициямен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұл рейдтер барысында «Автоураган» атты арнайы құрылғы қолданылады. Аталған жүйе арқылы көлік нөмірі бойынша берешегі бар азаматтар анықталып, одан кейін заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Қазіргі таңда 2 700-ден астам абонент бойынша құжаттар жеке сот орындаушыларына жолданды. Жалпы берешегі бар тұтынушылар саны – шамамен 25 000 абонент.

«Aqtobe su-energy group» АҚ барлық тұтынушылардан қарыз жинауға байланысты қолайсыз жағдайлар туындамас үшін коммуналдық қызметтерге төлемдерді кешіктірмей өтеуді сұрайды.

Бөлісу: