Құрметті қала тұрғындары!

Image

Құрметті қала тұрғындары!

«Aqtobe su-energy group» АҚ коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі сапалы көрсетілуі үшін төлемдердің уақытылы жүргізілуі маңызды екенін еске салады.

Бүгінгі таңда 25 мыңға жуық абоненттің мекемеге берешегі бар. Осыған байланысты мамыр айынан бері 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй мен бірнеше мекеме ыстық судан уақытша ажыратылды, ал 2700-ден астам адамның банк шоттары бұғатталды. Сондай-ақ 100-ге жуық абоненттен заңбұзушылықтар анықталды.

Біз әрбір тұтынушымен өзара түсіністік негізінде ашық диалог жүргізуге және берешекті өтеудің икемді жолдарын қарастыруға дайынбыз.

Осы орайда барлық тұтынушылардан 25 шілдеге дейін қарыздарын өтеуді және есептегіш құралдарының көрсеткіштерін уақтылы тапсыруды сұраймыз. Коммуналдық жүйенің үздіксіз жұмысы – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз.

Бөлісу: