Командалық пост жаттығуы

Image

Командалық пост жаттығуы

«Бекет» республикалық оқу-жаттығулары аясында «Aqtobe su-energy group» АҚ аумағында «Қорғау» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Шараға Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жедел әрекет ету қызметтері қатысты. Жаттығу химиялық қауіпті нысанда — хлордың төгілуіне байланысты туындауы мүмкін төтенше жағдай сценарийі бойынша жүргізілді.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты — осындай жағдай орын алған кезде шұғыл әрекет ету қызметтері мен мекемелердің дайындық деңгейін тексеру, халықты қорғау және ықтимал шығындарды азайту шараларын пысықтау. Арнайы қызметтер мен нысан қызметкерлері ықтимал апат кезінде бірлесіп әрекет етудің алгоритмдерін тәжірибе жүзінде орындады.

Нәтижесінде төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі жедел шешім қабылдау, эвакуациялау, қауіптің таралуының алдын алу және техникалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану іс-қимылдары пысықталды.

Мекеме мамандары жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Бөлісу: