Қаланың инженерлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту
2025 жылы «Aqtobe su-energy group» АҚ қаладағы инженерлік желілерді жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Инвестициялық бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 19 000 метрді құрайтын 28 учаскеде су құбырларын жаңарту көзделген. Ірі жобалардың бірі – «Песчанка» бастоғанынан «Нұр-Сити» (2-көтерілім) бастоғанына дейінгі 4700 метрлік жаңа су құбырының құрылысы. Жұмыстар мекеме қызметкерлерінің күшімен жүргізілуде. Сонымен қатар, бастапқы жоспарға енбеген Тайманов көшесі бойындағы 1 шақырымдық учаскеде де желілер жаңартылды, бұл көшеде асфальт төсеу жоспарланған.
Маңызды нысандардың бірі – Есет батыр көшесі, мұнда «Влад» ЖШС мердігер ұйымы 2000 метрден астам су құбырларын алмастыруда. Су бұру бағытында жалпы ұзындығы 8000 метрден асатын 18 жоба іске аспақ. Басты учаскелердің бірі – Бейбітшілік даңғылында Маресьев көшесінен Рыскұлов көшесіне дейін (629 м) самотек коллекторын санация әдісімен қайта жаңғырту.
Жылумен қамту саласында 2025 жылы жалпы ұзындығы 5500 метр болатын 40 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қайта жаңарту жұмыстары Ә.Молдағұлова, Сәңкібай батыр және Бейбітшілік даңғылдары мен Есет батыр, Ө.Тұрмағамбетов, Маресьев, Рыскұлов, Гришин, Макаренко және Ағ.Жұбановтар көшелерін қамтиды.