Кешенді жаңғырту
Қала инфрақұрылымының сенімділігін арттыру және инженерлік желілердің тозуын азайту мақсатында «Aqtobe su-energy group» АҚ кешенді жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Бүгін кәсіпорынның Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ бірқатар маңызды нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Атап айтқанда, Есет батыр көшесінде ұзындығы 2 шақырым болатын су құбыры желісі инвестициялық бағдарлама аясында ауыстырылуда. Сонымен қатар, Кошевой 113/1 мекенжайы бойынша жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Қарасай батыр көшесінде екінші кезең бойынша ұзындығы 710 метр жылу құбырларын алмастыру қарқынды жүргізілуде. Ал Бейбітшілік даңғылы бойымен кәріз желісіне санация әдісі арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Жұмыстар мердігер ұйымдармен қатар, кәсіпорынның өз күшімен де атқарылуда. Бұл сапалы нәтижеге қол жеткізуге, белгіленген мерзімдерді сақтау мен тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Басшылық тарапынан әрбір учаскеге ерекше назар аударылып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.