01.08.2025
Жоспарлы өрт сөндіру
Бүгін, 1 тамыз күні, «Aqtobe su-energy group» АҚ Ақтөбе-Сити қазандығы аумағында «Ort sondirushi» ЖШС мамандарымен бірлесе отырып, электр құрылғыларынан туындауы мүмкін өрттердің алдын алу мақсатында жоспарлы өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – қызметкерлерге өрт туындаған жағдайда жедел және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдай кезіндегі арнайы қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау және өрт қауіпсіздігі талаптарын іс жүзінде орындау.
Іс-шара барысында қатысушылар эвакуация тәртібімен, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерімен және төтенше жағдайда әрекет ету алгоритмімен танысып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.