18.08.2025
Жылыту маусымына дайындық ережелері
- Абоненттердің пәтерлерінде және үйдің жертөлесінде жылу тұтыну жүйесін тиісті жағдайға келтіру.
- Жылу тұтыну жүйесін, ыссы сумен жабдықтау тораптарын, бекітпе-реттеуішті арматураны, элеватор тораптарын жөндеп, тексеру.
- Ыстық судың температурасын реттеуіштерді қалпына келтіру.
- Жылу тасымалдағыштың параметрлерін өлшеу үшін жылу торабын гильзалармен және жалғауыштармен жабдықтау, «Aqtobe su-energy group» АҚ өкілінің қатысуымен есепті дросселдік құрылғыны қою.
- Лайұстарды тазартып, жылу торабын бояу.
- Бақылау-өлшеу құралдарын тексеру аралығы мерзіміне сәйкес тексерістен өткізу.
- Жылу трассасының арна кірмелерін тығыз бекіту және жер асты газ құбырларымен жылу трассалары қиылысатын жерасты арналарда газ жиналуын тексеру үшін олардағы бақылау түтіктерін қалпына келтіру(СНжЕ талаптарына сәйкес).
- Жылумен және ыстық сумен жабдықтау өткіқұбырларының гидрооқшаулауымен жылуоқшаулауын қалпына келтіру.
- Ғимаратта жылуды сақтау шараларын орындау (шатыр, жертөле, есік,терезелерді әйнектеу, т.с.с.).
- «Aqtobe su-energy group» АҚ келісімісіз жылумен жабдықтау сызбасын және құбырлар диаметрін өзгертуге тыйым салынады.
- Қызмет көрсетуші кәсіпорындар үшін: алдағы жылыту кезеңіне дайын екенін нақтылайтын құжат алу үшін «Аqtobe su-energy group» АҚ өкілінің қатысуымен пневмогидравликалық қысым арқылы сынақ жұмыстары және жылу жүйесі мен жылу желілерін шаю жұмыстары жүргізілуі керек.