Жұртына жылу шашқан азамат

Image

Жұртына жылу шашқан азамат

Еңбек адамдары – елдің мақтанышы. Олардың арасында тура мағынасында халыққа жылу сыйлап жүрген азаматтар бар. Яғни тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін қазандықтарда аянбай еңбек ететін жандар. Солардың бірі – Бекболат Есбусинов.

Есбусинов Бекболат Жолғасович 2007 жылдың 6 маусымынан бері мекемеде еңбек етіп келеді. Алғашқыда Онкология қазандығында электр-газ дәнекерлеушісі болып жұмысын бастаған ол, 2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап қазандық құрылғыларын жөндеуші слесарь қызметін атқарып жүр. Өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында әріптестер арасында үлкен құрметке ие болған.

Отбасын құрған, бір ұл мен бір қыздың әкесі. Бүгінде шаңырағында немерелерін еркелетіп, отбасылық жылулықтың қадірін біліп отырған абзал жан. Жұмыстағы табандылығы мен үйдегі асыл әке, ардақты ата ретіндегі орны – айналасына үлгі.

Бөлісу: