22.09.2025
Сумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары
«Aqtobe su-energy group» АҚ инженерлік желілердің тозуын азайту мақсатында өз күштерімен су құбыры желілерін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда.
Тургенев көшесі, 32 мекенжайында жүргізілген жұмыс толық аяқталды. Жалпы ұзындығы 55 метр, диаметрі 110 мм полиэтилен құбыры ауыстырылды.
Бұл жоба сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарына енгізілген. Негізгі мақсаты – инженерлік желілердің сенімділігін арттыру мен тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.
Жаңарту барысында заманауи полиэтилен құбырлары қолданылды. Олар жоғары беріктігімен, коррозияға төзімділігімен және ұзақ мерзімді қызмет етуімен ерекшеленеді.