08.10.2025
Сумен жабдықтау коммуникацияларын жаңарту бойынша жұмыс
«Aqtobe su-energy group» АҚ инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендету мақсатында су құбыры желілерін өз күшімен жаңарту жұмыстарын жалғастыруда.
Ақтөбе көшесінде 57 жыл пайдаланылған ескі су құбыры ауыстырылуда. Қазіргі уақытта ұзындығы 270 метр болатын, диаметрі 110 мм полиэтилен құбыры орнатылуда.
Бұл жоба қаланың сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарына енгізілген. Негізгі мақсат – инженерлік желілердің сенімділігін арттыру және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту. Қолданылып жатқан полиэтилен құбырлар ұзақ мерзімділікке, коррозияға төзімділікке және жоғары беріктікке ие.
