Жылу өндірісінің проблемалары туралы ақпарат

Image

Жылу өндірісінің проблемалары туралы ақпарат

@aqtobe_sergekпарақшасында 101-атқыштар бригадасы көшесі, 7-үй мекенжайы бойынша жылу алу мәселесіне қатысты ақпарат жарияланды.

«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары аталған шағым бойынша жедел әрекет етіп, жағдайды тексеру мақсатында оқиға орнына шықты.

Тексеру нәтижесінде жағдайдың жекелеген сипатта екені анықталды — үйге жылу толық көлемде берілуде.

Мамандар жылу торабындағы басқару торабы мен ыстық су жүйесін реттеу, сондай-ақ лайұстағышты тазалау және жоғары нүктелерден ауаны шығару жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Бұл факторлар жылудың біркелкі таралуына кері әсер еткен.

Пәтер иелеріне анықталған ақауларды жою бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Бөлісу: