Ағынды суларды жинау тарифі
«Aqtobe su-energy group» АҚ кәріз суларын қабылдау бекеттерінде 1 м³ үшін тариф мөлшері – 159,0064 теңге екенін хабарлайды.
Мысал ретінде: 5 м³ кәріз суын өткізген жағдайда, ассенизатор көлігі кәсіпорынға бар болғаны шамамен 795 теңге төлейді.
Айта кету керек, кәріз суларын сорып шығару және тасымалдау қызметінің бағасы әр жеке компания тарапынан өздігінен белгіленеді, «Aqtobe su-energy group» АҚ олардың баға саясатын реттемейді.
Кәсіпорын басшылығы мен мамандары ассенизатор көліктерінің жүргізушілерімен бірнеше рет кездесіп, тарифтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық қажетті ақпаратты ұсынды.
Сонымен қатар, кәріз суларын рұқсат етілмеген орындарға төгу – заң бұзушылық болып саналады және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін естеріңізге саламыз.

