Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!
«Aqtobe su-energy group» АҚ 2025 жылдың 1 қарашасынан 31 желтоқсанына дейін «Негізгі берешекті өтесеңіз – өсімпұлды есептен шығарамыз» акциясын өткізуде.
Бұл шара коммуналдық қызметтер бойынша берешегі бар тұрғындарға қосымша қаржылық ауыртпалықсыз қарыздарын өтеуге мүмкіндік береді. Акция аясында негізгі қарыз толық өтелген жағдайда өсімпұл толық есептен шығарылады.
Берешегіңізді өтеу үшін Әбілқайыр хан даңғылы, 29А, 1-қабат мекенжайында орналасқан қызмет көрсету бөліміне барып, өтініш жазып және негізгі қарыздың төленгенін растайтын чекті ұсыну қажет.
Бұл — жаңа жылды қарызсыз және қосымша төлемсіз қарсы алудың тамаша мүмкіндігі.
Қала тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдаланып, негізгі берешекті уақытылы өтеуге шақырамыз. Бұл Сізге төлем тарихын қалпына келтіруге және айыппұлдар мен сот дауларынан, соның ішінде сот шығындарынан аулақ болуға көмектеседі.
Акция — қаржылық тәртіпті нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және тұтынушыларды қолдауға бағытталған нақты қадам.
Мәселені кейінге қалдырмаңыз — негізгі берешекті өтеп, өсімпұлдан босатыңыз!
«Aqtobe su-energy group» АҚ барлық тұтынушыларға түсіністік пен жауапкершілік танытқандары үшін алғыс білдіреді.
