Премьер-Министрдің кеңесшісінің сапары
Бүгін Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Ақтөбе қаласына жұмыс сапары аясында «Aqtobe su-energy group» АҚ ахуалдық орталығында болды.
Сапар барысында ол инженерлік желілер мен инфрақұрылымдық нысандардың цифрландыру үдерісімен танысты. Бұл жүйе бастоғандар мен қазандықтарды, кәріз сорғы станцияларын, сондай-ақ жылу және сумен жабдықтау желілерін қамтиды. Заманауи цифрлық шешімдер арқылы нысандардың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға және кез келген ақауға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ермек Боранбайұлы мұндай инновациялық жүйелердің енгізілуі ұйым қызметінің тиімділігін арттырып, процестердің ашықтығын қамтамасыз ететінін және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға септігін тигізетінін атап өтті.
Кеңесші ұжымға атқарған еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
