Энергетика саласы қызметкерлері арасындағы спартакиада жалғасуда.

Image

Энергетика саласы қызметкерлері арасындағы спартакиада жалғасуда.

Бүгін өткен шахмат сайысында «Aqtobe su-energy group» АҚ командасы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі III-орынды иеленді.

Зерделілік пен сабырлылықты шебер ұштастырған ойыншыларымызға алғыс білдіреміз:

🏅 Сарманов Жанболат Абенович - бас инженердің жылумен жабдықтау жөніндегі орынбасары
🏅 Махмутов Ислам Ерланұлы - күрделі құрылыс бөлімінің инженері
🏅 Абашева Актоты Куанышовна - зертханашы

Команда мүшелері өздерінің білімділігімен, ой дәлдігімен және табандылығымен ерекшеленіп, кәсіпорын абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Алдағы жарыстарда да сәттілік пен жеңіс тілейміз!

«Aqtobe su-energy group» — бірлік пен нәтижеліліктің үлгісі!

Бөлісу: