Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Image

Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында «Aqtobe su-energy group» АҚ тарапынан Ломоносов көшесінен бастап Қарасай батыр көшесі арқылы Жүргенов көшесіне дейін жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жер қазу және инженерлік желілерді жаңарту аяқталғаннан кейін аталған учаскелерде жол төсемі толық қалпына келтірілді. Асфальт төсеу жұмыстарының жалпы аумағы 3000 шаршы метрді құрады.

Қалпына келтіру жұмыстарын мердігер ұйым – «Жахан кез» ЖШС орындады.

Бөлісу: