Энергетиктер арасындағы дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті

Image

Энергетиктер арасындағы дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті

Биыл біздің ұйымнан әртүрлі бөлімдер мен өндірістік бөлімшелерден 40 спортшы қатысып, бірлік пен жоғары командалық рухтың үлгісін көрсетті.

Сіздердің әрқайсыңыз — біздің ортақ жеңісіміздің бір бөлшегісіз. Жарыстарда төзімділік танытып, ұйым намысын лайықты қорғап, мықты дайындықтарыңыз бен нағыз спорттық мінездеріңізді дәлелдедіңіздер. Әр спорт түрінде бар күшін салған барлық әріптестерімізге алғысымыз шексіз.

Сіздердің еңбектеріңіз — ұйымымыздың мәртебесін арттырып қана қоймай, ұжым ішіндегі татулықты, достықты және жігерді нығайта түсті. Спортқа деген құлшыныстарыңыз үшін, бір команда болып әрекет еткені үшін, ортақ нәтиже үшін күрескендеріңіз үшін рақмет айтамыз.

Жеңістеріңіз көбейе берсін! Алда әлі талай биікті бірге бағындырамыз!

Мықты команда – мықты ұйым! Біз сіздермен мақтанамыз! Алға “Aqtobe su-energy group”!

Бөлісу: