20.12.2025
Құрметті қала тұрғындары!
Рұқсатсыз жүргізілген қазу жұмыстары кезінде электр кабелінің зақымдануы салдарынан «Тамды» бастоғаны нысанында электрмен жабдықтаудың апатты түрде ажыратылуына байланысты қаланың кейбір аудандарында ауызсу беру уақытша тоқтатылды.
Сумен қамтуда шектеу келесі аумақтарда байқалады: 11–12 шағын аудандар, Авиақалашық, ГМЗ.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар ауызсуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайта беру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
