21.12.2025
Сумен жабдықтау қалпына келтірілді
Сумен жабдықтаудың уақытша тоқтауына «Тамды» бастоғаны нысанын электр энергиясымен қамтамасыз ететін кабельдің рұқсатсыз зақымдануы себеп болды.
Авариялық қызметтер оқиға орнына жедел жетіп, қалпына келтіру жұмыстарын толық көлемде жүргізді. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау толық қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жүзеге асырылуда.
Кабельге зақым келтірген жүргізуші оқиға орнында анықталды. Келтірілген залал көлемі мен айыппұл санкциялары қолданыстағы тәртіпке сәйкес есептелетін болады. Оқиға орнына Полиция департаментінің қызметкерлері шақырылып, тиісті материалдар рәсімделді.
Тұрғындардан уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
