26.12.2025
Қызметкерлерге арналған жаңа жылдық науқан
«Aqtobe su-energy group» АҚ басшылығы және Кәсіподақ комитетінің әкімшілігі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналған ауқымды мерекелік бастаманы жүзеге асырды.
Осы игі шара аясында мекеме қызметкерлеріне және олардың балаларына 4 500-ге жуық жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Бұл игі дәстүр – ұжымға деген қамқорлықтың, әлеуметтік жауапкершіліктің және корпоративтік бірліктің айқын көрінісі. Мұндай бастамалар еңбек ұжымындағы ынтымақты нығайтып, буындар сабақтастығын дәріптей отырып, ортақ мақсатқа деген сенімді күшейтеді.
Алдағы жыл әр шаңыраққа береке, тұрақтылық пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін, әр отбасында денсаулық, татулық және жылулық орнасын.
Жаңа жыл құтты болсын, мерекелеріңіз шуақты болғай!
