Жылдық нәтижелер (АДС)

Image

Жылдық нәтижелер (АДС)

Мекемеде тәулік бойы апаттық-диспетчерлік қызмет (АДС) үздіксіз жұмыс істейді. Қызметтің негізгі мақсаты — тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге жедел әрекет ету, инженерлік желілерде туындауы мүмкін ақаулардың алдын алу және олардың салдарын қысқа мерзімде жою.

2025 жылы апаттық-диспетчерлік қызметке 30 000-нан астам қоңырау қабылданды. Әрбір өтініш міндетті түрде тіркеліп, бақылауға алынып, тиісті мамандар оқиға орнына жедел түрде жіберілді. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен коммуналдық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Атқарылған іс-шаралар барысында 1 200-ден астам кәріз және су құдықтары қайта жабылып, ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 8 350 кәріз желісіндегі бітелу жедел түрде жойылып, қаланың кәріз жүйесінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысы сақталды. Желілердің қалыпты қызметіне қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар дер кезінде анықталып, жойылды.

Апаттық-диспетчерлік қызметтің кәсіби, үйлесімді және жедел жұмысының арқасында қала тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызметтердің үздіксіздігі мен сенімділігі қамтамасыз етіліп келеді.

Бөлісу: