Ағынды сулардың сапасын бақылау бойынша инспекциялық іс-шаралар

Image

Ағынды сулардың сапасын бақылау бойынша инспекциялық іс-шаралар

Су инспекциясы бөлімінің мамандары ағынды сулардың сапасын бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізеді.
Рейд барысында ағынды сулардан сынамалар алынып, олар ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асуын анықтау үшін зертханаға жіберіледі.

Талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, ұйымдарға оларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар беріледі.
Ал талаптар қайтадан сақталмаған жағдайда, материалдар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаментіне жолданады.

Бөлісу: