Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл: ұжыммен жүргізілген түсіндіру жұмысы

Image

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл: ұжыммен жүргізілген түсіндіру жұмысы

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Шағиров Жәнібек Асылбекұлы «Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында киберқылмыстардың өзекті түрлері, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, сондай-ақ жеке деректерді, банк ақпараттарын және цифрлық аккаунттарды қорғау жолдары жан-жақты түсіндірілді. Онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі цифрлық қауіпсіздік талаптары мен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, цифрлық ортада саналы әрі жауапты мінез-құлық қалыптастыруға және киберкеңістіктегі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Бөлісу: