17.01.2026
Жылу алу проблемалары
«Aqtobe su-energy group» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Гришин көшесі, 64/1 мекенжайы бойынша өтініш түсті.
Компания мамандары жедел түрде көрсетілген мекенжайға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында үйдің жертөлесіндегі жылу тораптары және пәтерлер қаралды.
Тексеру нәтижесінде жылу үйге штаттық режимде беріліп жатқаны, жылу тасымалдағыштың айналымы қалыпты екені анықталды. Қаралған пәтерлерде температура нормаға сай, беру және қайтару жүйелерінің көрсеткіштері талапқа сәйкес, пәтерлерде жылу бар.
Жылумен қамту жүйесінде ақаулар анықталған жоқ, үй толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген.