Қала тұрғындарының назарына
«Aqtobe su-energy group» АҚ қала тұрғындарын коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді уақытылы төлеуге және есептеу құралдарының көрсеткіштерін тұрақты түрде тапсыру қажеттігіне назар аудартады. Бұл төлемдердің дұрыс есептелуін, инженерлік желілердің тұрақты жұмысын және су мен жылу қызметтерінің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етеді.
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша кәсіпорын алдында шамамен 12 мың абоненттің берешегі бар. 2025 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін берешегін уақытында өтемегені үшін 193 тұтынушы су және жылумен жабдықтаудан ажыратылды, 3 584 борышкердің дербес шоты бұғатталды, сондай-ақ 172 абоненттен түрлі заңбұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты «Aqtobe su-energy group» АҚ тұтынушылардан 25 қаңтарға дейін тұтынылған коммуналдық қызметтер үшін төлем жүргізіп, есептеу құралдарының көрсеткіштерін белгіленген тәртіпте тапсыруды сұрайды. Коммуналдық қызметтерге жауапкершілікпен қарау — қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысының және барлық тұрғындар үшін жайлы өмір сүрудің кепілі.