8 наурыз
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өнер орталығында өңір мен елдің дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерге құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында гүлдер, шынайы құттықтаулар мен мемлекеттік марапаттар табыс етіліп, олардың тынымсыз еңбегіне алғыс айтылды. Облыс әкімі Асхат Шахаров өндіріс саласында еңбек ететін мамандарды кәсібилігі мен қоғамға сіңірген еңбегі үшін құттықтап, олардың қоғамдағы маңызын ерекше атап өтті.
Іс-шара аясында Айманова Гүлнар Ғалымқызы «Еңбек Даңқы» III дәрежелі орденімен марапатталды. Ол біздің кәсіпорында 38 жыл бойы адал қызмет етіп, су тазарту құрылғыларының сүзгі операторы ретінде жоғары біліктілігін танытып келеді. Мемлекет тарапынан берілген бұл марапат – оның қажырлы еңбегі мен кәсібіне деген адалдығының айқын дәлелі.