09.05.2025
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай тағзым шарасы өтті
Бүгін, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай “Aqtobe su-energy group” АҚ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы кезінде Ақтөбе қаласындағы госпитальде көз жұмған жауынгерлер жерленген Бауырластар зиратына барып, тағзым етті. Батыр бабалар рухына құрмет көрсетіліп, естелік ретінде гүл шоқтары қойылды.
Бұл шара – ерлік пен елдік мұратты ұрпақ жадында мәңгі сақтау, азаттық пен бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлерге деген алғыс пен тағзымның белгісі.
Ешкім ұмытылмайды, ешнәрсе ұмытылмайды …