“Таза Қазақстан” акциясы

Image

“Таза Қазақстан” акциясы

Бүгін Тұңғыш Президент саябағының аумағында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өтті. “Aqtobe su-energy group” АҚ мамандары өз саласының алдыңғы қатарлы мамандары ретінде тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосуды жалғастыруда.

Барлық тұрғындарды табиғатты қорғауға және қалада тазалықты сақтауға шақырамыз. Бірлескен күш-жігермен біз қаланы одан да әдемі және экологиялық таза ете аламыз. Акцияға қосылып, ортақ ісімізді қолдағандардың барлығына рахмет!

Бөлісу: