АҚ «Aqtobe su-energy group»
«Aqtobe su-energy group» АҚ Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерді, мемлекеттік мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды салқын, ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп, сондай-ақ кәріз су бұру мен қосалқы абоненттерді электрэнергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсететін мекеме.
«Aqtobe su-energy group» АҚ 9 сәуір 2020 жылы екі қалалық коммуналдық мекемесі -«Ақбұлақ» АҚ және «Трансэнерго» АҚ қайта ұйымдастыру арқылы құрылды.
Акционерлік қоғам 262 км магистральдық және тарату жылу желілерін, 1250 км-ге жуық су құбырларын, 570 км кәріз желілерін пайдалануды жүзеге асырады. 27 қазандық, 6 сорғы станциясы, кәріз тазарту құрылысымен қоса 55 кәріз сорғы станциясы, 35 бастоған 167 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның балансында 50 мыңнан астам құдық бар.
Бас директор Қуандық Жақсылықұлы Қасымовтың жетекшілігімен компания цифрландыру және экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдерді белсенді енгізіп, қызмет көрсету сапасын үздіксіз арттырып келеді. Жас мамандарды қолдай отырып, корпоративтік рухты нығайтуда ұжымды спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыруда. Біз өз жетістіктерімізбен ғана емес, ортақ мақсатқа жұмылған ұйымшыл команда рухымен де мақтанамыз.