“Aqtobe su-energy group” АҚ жылыту маусымына дайындықты белсенді түрде жалғастыруда.

Image

“Aqtobe su-energy group” АҚ жылыту маусымына дайындықты белсенді түрде жалғастыруда.

Қазіргі уақытта 11 ш/а, 85 мекенжайы бойынша жылу желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Мекеме мамандары ескі жылу желісін жаңасына, ыстық сумен жабдықтауды тоқтатпай, өз күштерімен ауыстырды.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін учаскені абаттандыру толығымен қалпына келтіріліп, 100 шаршы метрден астам аумаққа асфальт төселді.

Біз барлық абоненттерімізге сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін қаланың басқа учаскелерінде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастырудамыз. Осы маңызды жұмыстарды орындау кезінде түсіністік пен қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреміз!

Бөлісу: