«Aqtobe su-energy group» АҚ азаматтарға жаңа алаяқтық түрі туралы ескертеді!
МАҢЫЗДЫ: Біз абоненттерден СМС арқылы келген кодтарды сұрамаймыз және «қауіпсіз шоттарға» ақша аударуды талап етпейміз!
Соңғы уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейіп кетті. Қаскөйлер өздерін біздің компания қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолдарын қолдануда.
Қалай қорғануға болады?
Бөгде адамдарға СМС кодтары мен жеке мәліметтеріңізді бермеңіз.
Егер сізге есептегішті ауыстыру туралы қоңырау түссе, ақпараттың рас-өтірігін 740-420 нөмірі арқылы немесе өзіңіздің агентіңізден нақтылап алыңыз.
Қарт туыстарыңызға мұндай алаяқтық әрекеттер туралы түсіндіріңіз.
Күдікті қоңырау түскен жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: қаржылық қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда! Кез келген ақпаратты мұқият тексеріңіз және сақ болыңыз!