«Aqtobe su-energy group» АҚ биыл жылумен жабдықтау бойынша 8 жобаны іске асыруда.

Image

«Aqtobe su-energy group» АҚ биыл жылумен жабдықтау бойынша 8 жобаны іске асыруда.

«Aqtobe su-energy group» АҚ биыл жылумен жабдықтау бойынша 8 жобаны іске асыруда. Оның 5-і өз күшімен, ал 3-і инвестициялық бағдарлама бойынша орындалады, бұл шамамен 2 600 метр желіні қамтиды. Сонымен қатар, жылу желілерін қайта құру және қазандықтарды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Инженерлік желілерді жақсарту және олардың тозуын азайту бойынша мекеме тарапынан белсенді жұмыстар атқарылуда, бұл жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға әкеледі. Жұмыстарды орындау кезеңінде ыстық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер болуы мүмкін. Бұл жайында барлық ресми желілерімізде тұрғындарға осы шектеулер туралы алдын ала хабарлаймыз.

Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін абаттандыру элементтері кепілдік міндеттемелеріне сәйкес толық қалпына келтірілетін болады.

Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсінгеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Бөлісу: