Үздіксіз жылу беру
“Aqtobe su-energy group” АҚ орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған барлық объектілерге жылу таратқыш арқылы үзіліссіз жылумен қамтамасыз ететіндігін мәлімдейді.
Жүйеге қосылған 1538 көппәтерлі үйдің барлығы жылумен қамтамасыз етілген және ұйым тарапынан жүйелік проблемалар жоқ екенін атап өткіміз келеді. Жылумен жабдықтау толық көлемде берілуде. Негізінен проблемалар үйлердің жылу маусымына дайын болмауынан немесе ішкі ақаулардан туындайды. Тұрғындардың жылудың жеткіліксіздігі туралы өтініштері бойынша тексеру жүргізіп, себептерді анықтап, ақауларды жою үшін мамандар әр дабылға жедел рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Көп жағдайда үйлердің жылыту маусымына дайындығының болмауы, қажетті техникалық жағдайлардың болмауы, үйішілік жылыту жүйелерінің ақаулары, тиісті органдардың келісімінсіз инженерлік жүйелерді өз бетінше қайта құру және өзгерту, пәтер ішіндегі жабдықтардың ақаулары, жүйеде ауаның болуы сияқты себептер анықталуда.
Тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп, проблемалық мекенжайлар бойынша рейдтер жүргізілуде. Кейбір үйлерде басқарушы компаниялардың жоқтығына қарамастан, мекеме мамандары ақаулықтарды жоюға көмектесуде. Біз тұрғындардың алаңдаушылығын түсінеміз және жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз.
Тұрғындардың жылумен байланысты мәселелерін шешу үшін басқарушы компаниялар мен тұрғын үй инспекциясына, мекеме мамандарына уақтылы хабарласуға шақырамыз.
Өтініштерді беру үшін 740-444 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы апаттық-диспетчерлік қызмет қолжетімді екенін естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, сіз біздің Telegram-чатымыз арқылы және Instagram парақшасы бойынша байланысқа шыға аласыз.
Барлық өтініштерге жедел жауап беруге кепілдік береміз!