Гравитациялық кәріз коллекторын қалпына келтіру

Image

Гравитациялық кәріз коллекторын қалпына келтіру

2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында Ә.Бөкейхайнов көшесінен бастап Зауыттық көшесі арқылы КСБ-3-ке дейінгі самотек кәріз коллекторына санация жұмыстары жүргізілуде. Нысанның ұзындығы – 256 метр, диаметрі – 200 мм. Тозған құбыр желісі қазусыз орындалатын полимерлік «чулок» (CIPP) әдісімен қалпына келтіріліп, ескі құбырдың ішінен жаңа, берік құбыр қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жол жамылғысын бұзбауға көмектеседі.

Жұмыстарды «Сәтті бастау құрылыс» ЖШС атқаруда. Жоба аяқталғаннан кейін коллектордың пайдалану мерзімі айтарлықтай артып, апат қаупі төмендейді және қаланың су ағызу жүйесінің сенімділігі күшейеді.

Басты мақсатымыз – инженерлік инфрақұрылымды заманауи технологиялармен жаңғыртып, тұрғындарды үздіксіз әрі қауіпсіз су бұру қызметімен қамтамасыз ету.

Бөлісу: