Абаттандыру челленджiн

Image

Абаттандыру челленджiн

«Aqtobe su-еnergy group» АҚ «Энергосистема» ЖШС-нен коммуналдық қызметтер арасындағы «Абаттандыру челленджiн» қабылдап, Елек өзенінің жағасында тазалау жұмыстарын жүргізуде. Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай тазалық эстафетасын «Ақтөбе ЖЭО» АҚ және Ақтөбе қаласының барлық тұрғындарына жолдаймыз.

Бүгін біздің қызметкерлер жаз мезгілінде қала тұрғындары үшін танымал демалыс орыны Елек өзенінің жағалауын тазалады. Жағалау қоршаған ортаның көрінісін бұзатын және өзеннің экожүйесіне зиян келтіретін әртүрлі қоқыстарға, соның ішінде пластикалық бөтелкелер, қаптамалар және шыныларға толы.

Біз қаланың барлық тұрғындарын ластану мәселесіне бей-жай қарамауға шақырамыз. Қаламыздың тазалығына бірге қамқорлық жасап, табиғатқа ұқыпты қарайық. Біздің ортақ үйіміздегі тазалық пен жайлылық әрқайсымызға байланысты екенін ұмытпайық. Сіздің ең кішкентай әрекеттеріңіз қоршаған ортаны айтарлықтай жақсарта алады.

ҚҰТТЫ МЕКЕН - АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫН бірге көркейтейік

Бөлісу: