28.09.2025
Құрметті ақтөбеліктер!
Сіздерді «Еңбек күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – ел дамуына, қаламыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған ерекше күн.
Биылғы жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Адал еңбек – барлық жетістіктің бастауы, ал еңбек адамын ардақтау – қоғам дамуының кепілі.
Біздің әріптестеріміз де халық игілігі үшін табанды еңбек етіп, қаламыздың өркендеуіне үлес қосып келеді. Біз үшін ең бастысы – өз қызметіміз арқылы тұрғындарға пайдасын тигізіп, халыққа қызмет ету.
Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!