08.03.2025
Құрметті ханымдар!
Сіздерді көктемнің ең көркем, ең жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – мейірім мен ізгіліктің, даналық пен төзімділіктің, сүйіспеншілік пен қамқорлықтың символысыздар. Отбасының тірегі, қоғамның ұйытқысы, еңбектің қайнар көзі болып, өмірімізге шуағыңыз бен жылуыңызды шашып келесіздер. Біздің ұйымымызда 700-ден астам нәзік жанды арулар еңбек етіп, өздерінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен және талантымен үлкен үлес қосуда.
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен шабыт тілейміз! Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
Ізгі ниетпен, “Aqtobe su-energy group” АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ.