Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Шын жүректен сіздерді ең мейірімді де шынайы мерекелердің бірі — Отбасы күнімен құттықтаймыз!
Отбасы — бұл тек шаңырақ емес, бұл — тірек пен рухани күштің, махаббат пен мейірімнің сарқылмас бұлағы.

Aqtobe su-energy group» АҚ – 2024 адамнан тұратын үлкен еңбек ұжымы. Бүгінде осы бір шаңырақ астында бірнеше ұрпақтан тұратын 34 еңбек әулеті табысты еңбек етіп келеді. Олар әртүрлі бөлімдер мен мамандықтарды қамти отырып, кәсібилік пен жауапкершілік дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған нағыз еңбек династиялары.

Біз үшін компания — жай ғана жұмыс орны емес, ортақ құндылықтар мен шынайы байланыстардың тоғысқан үлкен отбасысы.
Отбасы күні құтты болсын! Шаңырақтарыңызда әрдайым жылылық, татулық пен береке орнасын!

Бөлісу: