23.11.2024
Жыл сайынғы жоспарлы жаттығу
Төменгі Қарғалы бастоғанының ІІ-көтерілім хлоратор бекеті аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жыл сайынғы жоспарлы оқу дабылы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған жағдайда персоналдың әрекетін пысықтау және жабдықтардың жедел әрекет етуге дайындығын тексеру болды.
Оқу-жаттығу барысында эвакуация, апаттың алдын алу және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Персонал жоғары деңгейдегі дайындық пен үйлесімділік көрсетті, бұл кәсіпорынның су жүйесі нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал қатерлерге жедел әрекет ету қабілетін растайды.