Ағынды сулардың қалдықтарын рұқсатсыз шығару фактісі

Image

Ағынды сулардың қалдықтарын рұқсатсыз шығару фактісі

Су инспекциясының қызметкерлері Қарғалы е/м, Родниковая көшесі, 1В мекенжайында ассенизаторлық машинаның кәріз қалдықтарын заңсыз төгу фактісін анықтады. «ЗИЛ» маркалы, мемлекеттік нөмірі KZ 035 АЕТ 04 көлігі ағынды суларды орталық кәріз жүйесіне төккен, бұл коммуналдық желілерді пайдалану ережелеріне қайшы келеді.

Осы факт бойынша заңсыз төгу туралы акт жасалып, ол полиция департаментінің қызметкерлеріне берілді. Мұндай әрекеттер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.

Кәріз жүйелерін пайдалану ережелерін сақтауды сұраймыз және оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің қатаң шаралары туралы ескертеміз.

Бөлісу: