19.05.2025
Су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін Telegram-бот арқылы енгізу нұсқаулығы
Су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін өзіңізге ыңғайлы түрде Telegram-бот арқылы енгізе аласыз: AqtobeSuEnergyBot
Қадамдар:
1) Сілтеме бойынша өтіңіз t.me/AqtobeSuEnergyBot және «НАЧАТЬ» батырмасын басыңыз.
2) Тіркеуден өтіңіз: Байланыс нөміріңізді енгізіп, растаңыз. Тілді таңдаңыз.
3) Негізгі мәзірден «Есептегіш құралдардың көрсеткіштері» бөлімін таңдаңыз. «Жеке шотты қосу» батырмасын басыңыз.
4) Жеке шот нөмірін енгізіңіз. Соңғы төлем сомасын көрсетіп, шотты растаңыз.
5) Жеке шот сәтті тіркелген соң, «START» арқылы басты мәзірге қайта оралыңыз.
«Есептегіш құралдардың көрсеткіштері» бөліміне кіріп, ыстық және суық су бойынша ағымдағы көрсеткіштерді енгізіңіз.
Құттықтаймыз! Көрсеткіштеріңіз сәтті енгізілді