Жылдық шолу (Ағынды сулар)

Image

Жылдық шолу (Ағынды сулар)

Бүгінгі таңда «Aqtobe su-energy group» АҚ жалпы ұзындығы 566,7 шақырымды құрайтын кәріз желілерінің және 55 кәріз-сорғы станциясының тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етіп отыр.

2025 жылы кәсіпорын тарапынан 13 нысанда жалпы ұзындығы 7,445 шақырым болатын кәріз желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2 нысан мердігер ұйымдардың күшімен (885 шақырым), ал 11 нысан мекеме қызметкерлерінің өз күшімен (6,560 шақырым) жаңартылды. Бұл жұмыстар желілердің тозуын азайтып, олардың пайдалану мерзімін ұлғайтуға бағытталды.

Кәріз-сорғы станцияларының қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нысандарда желдету жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, су және кәріз нысандарының тұрақты жұмыс істеуі үшін су айдау станциялары, кәріз-сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарындағы негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы жөндеу және жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

2025 жылы кәріз желілері қызметкерлері лай ұстағыштарды (грязеловитель) 1 000-нан астам рет тазалады. Бұл жұмыстар кәріз жүйесінің үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Тазалау барысында лай ұстағыштардан қоқыс, шүберектер, жаялықтар және тұрмыстық қалдықтардың едәуір көлемі анықталды. Мұндай бөгде заттар кәріз желілерінің бітелуіне, жабдықтардың істен шығуына және апаттық жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Осыған байланысты кәсіпорын қала тұрғындарын кәріз жүйесіне тұрмыстық қалдықтарды тастамауға, ортақ инженерлік инфрақұрылымға ұқыпты қарауға және коммуналдық сала мамандарының еңбегін құрметтеуге шақырады. Бұл — қаланың қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайын сақтаудың маңызды кепілі.

Бөлісу: