Итоги года (контроль качества воды)
Ақтөбе қаласында ауыз судың сапасын бақылауды «Aqtobe su-energy group» АҚ сынақ зертханасы жүзеге асырады.
Кәсіпорынның басты мақсаты – қала мен аудандар тұрғындарын сапалы және жеткілікті мөлшерде ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету. Зертхана Қазақстан Республикасының аккредитация жүйесінде тіркелген, бұл оның халықаралық стандарттарға сай екенін және сынақ жүргізудегі біліктілігін растайды.
Зертхана шамамен 150 ұңғыма мен 40-тан астам сорғы станциясын бақылайды. Күн сайын судан санитарлық-микробиологиялық, органолептикалық және химиялық көрсеткіштер бойынша сынамалар алынады. Жалпы, су 32 көрсеткіш бойынша зерттеледі.
Қаланың су жүйесі тек жер асты көздерінен алынған сумен қамтамасыз етіледі және ол тарау жүйесіне жіберілмес бұрын міндетті түрде залалсыздандырылады. Барлық жұмыстар санитарлық талаптарға және МЕМСТ стандарттарына сәйкес жүргізіледі.