Жылдық қорытындылар (жөндеу жұмыстары)
Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік нысандардың материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 30 нысанда жұмыс орындарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау мен қолайлы еңбек ортасын қалыптастыруға басымдық берілді.
Сонымен қатар, инженерлік желілерде атқарылған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін қала аумағында 7 000 шаршы метрден астам асфальт жамылғысы қайта қалпына келтірілді. Бұл өз кезегінде жол жабындарының сапасын арттырып, тұрғындар мен көлік қозғалысы үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Аталған жұмыстар кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі арттыруға бағытталған кешенді шаралардың маңызды бөлігі болып табылады.